Бизнес • 29 Қараша, 2019
Қазақстандағы ең үздік бизнес-климат – Алматыда
Almaty Investment Forum жұмысына қатысу үшін 700-ден астам іскер топтың өкілдері тіркеліпті. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерде делегаттардың 142-сі шетелдік, 126-сы Қазақстандағы халықаралық компаниялардың өкілі екен. Форумның негізгі міндеті – Алматы кәсіпкерлері мен шетелдік инвесторлар арасында диалог орнату. Оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, бизнес үшін өзекті мәселелерді талқылау. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда ең батыл жоспарлар мен ірі инвестицияларды жүзеге асыру үшін аса қолайлы кезең екеніне тоқталды. Себебі бұл форум Алматыда алдағы 30 жылға арналған даму стратегиясы қалыптасып жатқан тарихи сәтте өтті.
Экономика • 29 Қараша, 2019
Өскеменнің іргесіндегі 60 мыңнан астам халқы бар Глубокое ауданының тұрғындары енді көмір алу үшін облыс орталығына сабылмайтын, сарсылып кезекке тұрмайтын болды. Өйткені аудан орталығы – Глубокое кентінде қыркүйек айынан бастап көмір сату базасы ашылып, жұмыс істеп жатыр.
Қаржы • 29 Қараша, 2019
Банктерге тиісті шартпен көмектесуді ұсынды
Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (AQR) шарасынан кейін қазақстандық банктерге Үкіметтің көмегі нақты қайта құрылымдау жоспарларымен байланысты жүру керек. Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Марк Хортон журналистерге берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Жамбылдық шаруалар қой еті экспортына үлес қосады
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысамын деушілер үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдікпен несиелер беріліп, саланы дамытудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылған. Мәселен Жамбыл облысында қой шаруашылығын қолға алған шаруалар көп. Олар да мемлекеттің қолдауына қол жеткізіп отыр. «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдарының бірі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мал шаруашылығын қолдауға бағытталған несиелеу бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Жеңілдікпен берілетін несие қаржысына шағын шаруашылықтар ірі қара, ұсақ мал, жылқы, құс, бал араларын сатып ала алады.
Қазақстан • 29 Қараша, 2019
«Бейбітшілік кіндігі» норвег тілінде жарық көрді
Ослоның Әдебиет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының норвег тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.