Қазақстан • 17 Қараша, 2018
17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Туризм • 16 Қараша, 2018
Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам
Қазақстан делегациясы «China International Travel Mart 2018» халықаралық туристік көрмесіне қатысуда. Бүгін Шанхайда басталған шара 18 қарашаға дейін жалғасады. Көрмеде 71 елден 527 экспонент орналастырылған және жалпы саны жүз мыңнан аса адам келеді деп күтілуде.
Қазақстан • 16 Қараша, 2018
Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды
Жақында Зайсан ауданында өткен ғылыми конференция кезінде қазақ жылқысының тарихын індете зерттеп жүрген ғалым, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры Ахмет Тоқтабай осындай ақпаратты сүйіншілей жеткізді. Этнограф биыл жазда Моңғолияға экспедициямен барғанда сондағы әріптестерінен Абылай ханның Жоңғар қоңтайшысы Галдан Цереннің тұтқынына түскен шақтағы болған жерін естіп, білген екен.
Қаржы • 16 Қараша, 2018
Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады
Қазақстан қор биржасы Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясымен бірлесе отырып, VIII Қаржыгерлер Конгрессінің аясында "Экономиканың тұрақты дамуындағы қор биржаларының атқаратын рөлі" тақырыбында қазақстандық биржалық форум өткізді.
Қазақстан • 16 Қараша, 2018
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметін.