Пікір • 24 Қараша, 2022
Жүректен шыққан жүрекке жетеді
Орталық сайлау комиссиясының қорытындысымен ел таныс болды: кезектен тыс сайлауға қатысқан Президентіміз халықтың қолдауымен қара үзді. Бес үміткердің арасынан сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын алу дегеніңіздің өзі біраз дүниенің болмысын аңғартса керек. Яғни көп тілеуі солай болса, ол – таңдау түскен тұлғаның мемлекет жүгін өрге сүйреуге әбден лайықты болғаны да.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Өндіріс пен құрылыста маман тапшы
2022 жылдың қазан айында Электрондық еңбек биржасында 109,2 мың бос жұмыс орны және 59,8 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда жарияланған жұмыс орындарының саны аздап төмендеді (5,6%), ал түйіндеме саны үштен бірге (27,3%) азайды. Ірі қалалармен қатар өнеркәсіптік өңірлерде де кадрлардың жетіспеушілігі сезілді.
Медицина • 24 Қараша, 2022
Шымкенттің медицина тарихында алғаш рет мәйіт донорлығы бойынша бауырға трансплантациялық операция жасалды. Күрделі ота барысында алтын қолды дәрігерлер донор ретінде мәйіттің бауырын хирургиялық әдіспен алып, науқасқа қондырды. Жалпы операция алты сағаттан аса уақытқа созылды.
Руханият • 24 Қараша, 2022
«Концертіміз осымен аяқталды» дейтін еді ғой әдетте. Концерт аяқталады, ән мен күй аяқталмайды, бірақ. Біреудің жүрегінен шыққан сәуле біреудің жүрегіне от болып түсе ме, шоқ болып түсе ме, әйтеуір тыңдағанның жанын қозғай алса, өнер иесінің парызы өтелгені де. Демек ән жарыққа шығып, көпшілікке жария болғасын, сүйіп қалған демей-ақ қояйық, сол туындыны ұнатып қалғандардың жанында, көңілінде жасай беруі бек мүмкін.
Спорт • 24 Қараша, 2022
Гір көтеру спортының тарихы тым тереңде жатқанымен, дәстүрлі спорт ретінде тек 1985 жылы ғана мойындалып, ресми бекітілді. Ауыр атлетика спортының бір түріне жататын гір тасын көтеруді Шығыс Еуропа халықтары ойлап тапқан. Ал бұл спорт түрі қазақ жеріне XIX, ХХ ғасырларда келгенін әйгілі Қажымұқан, Балуан Шолақ балуандарымыздың жәрмеңкелерде гір тасын көтерудің жарқын үлгісін көрсеткенінен білеміз.