Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды
16 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ активіне балық шаруашылығы басқармасының басшысын таныстырды. Жаңа басқарма құру туралы шешім биыл шілде айында қабылданған болатын.
Күрес • 17 Қараша, 2018
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті
Астанада 13-16 қараша күндері «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» атты Жерлестер форумы өтті. Жамбыл өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылған Жерлестер форумына Әулиеата өңірінен шыққан әр саладағы танымал тұлғалар қатысты.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Ақ Жайықтың жастарында жігер көп
Елбасы Қазақстанда 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған күннің ертесіне Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысында тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумы өтті. «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» атты жиынға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.