Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж
Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, жалпы, 218 полиция қызметкері ипотекалық несиемен пәтер алған.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз
Күршім ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға, оның ішінде сүт тауарлы фермаларын ашуға, мал бордақылау алаңдарын салуға, кооператив жұмыстарын жандандыруға, дұрыс пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтаруға ден қоймақ.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті
Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні салтанатты жағдайда аталып өтті. Әуелі облыстың бүгінгі таңдағы асыраушы сала бойынша атқарылған жұмыстары көпшілікке бейнеролик арқылы көрсетіліп, келесі жылғы жоспарлары таныстырылды. Салтанатты жиында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді марапаттады.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды
Бүгін сағат 10.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Қараша, 2018
Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты
16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында облыс орталығы Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолында 2 жолаушылар автобусының соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі.