Әлем • 29 Қараша, 2024
Канадада жоғалған турист аман табылды
Қарлы далада келе жатқан жігітті 26 қарашада екі адам байқап қалған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Қараша, 2024
Танымал боксшы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Қараша, 2024
Елорда Жаңа жылға орай қалай безендіріледі
Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ойын-сауық орындары безендірілетіні белгілі. Тұрғындар мен балалардың көңілді демалысы үшін мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар дайындалады. Қаланың 6 ауданында осындай 60-қа жуық орын ашылып, қыс мезгілінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Балалар • 29 Қараша, 2024
Сенат Төрағасы бала құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғау: даму жолындағы жетістіктер мен алдағы басымдықтар» атты конференцияға қатысты. Сенат пен ЮНИСЕФ бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына арналды. Конференцияда депутаттар, мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері аталған бағыттағы бірлескен жұмыстың мақсат-міндеттерін белгілеп, бала құқықтарын қорғау жөніндегі бастамаларды одан әрі арттыруды көздейтін ұсынымдар әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.