Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Тұрғындар сауалына жауап берді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызылордалықтармен кездесіп, кіші Арал мәселесі, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, экологияны реттеу бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Кездесу барысында министр облыстағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округіне қарайтын Қамыстыкөл ауылында екі әулеттің ұрпағы іргелес көрші болғанына 45 жыл толғанын атап өтті. Әрине, мұндай атаулы күнді зәулім тойхана, сәні мен салтанаты келіскен мейрамханада атап өтуге болар еді, әйткенмен жарасымы мол көршілер қара шаңырақта өткізуді жөн көріпті.
Отбасы • 21 Қараша, 2023
Сырттай тым жұпыны көрінетін сегіз үйлі Сәт ауылының адамдары жаздай бие байлап, сиыр сауып, төрт түліктен түскен табиғи таза өнімді табыс көзіне айналдырып отыр. Амангелдіден Қостанай, Арқалық, Астанаға қарай шығатын күре жолдың бойында жатқандықтан, әрі-бері ағылған автокөліктің көбі жолшыбай осы ауылға соғып, бал қымызын, жұмсақ құрт, сары май, қою қаймағы мен тәтті ірімшігін ала кетеді.
Қылмыс • 21 Қараша, 2023
Ақсу қаласында адам ұрлады деп айыпталған төрт азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық топ адамдарды бопсалаумен және ұрлықпен айналысқан. Жас жігіттер бұған дейін бір ер адамды ұрып-соғып, бұл іс-әрекеттерін түгел бейнежазбаға түсіріп алған. Бұл бейнежазба желіде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырған еді.
Құқық • 21 Қараша, 2023
Төрт түлік малдың сүмесімен күн көрген ауыл тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – жайылым. Кейінгі жылдары кейбір ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары меншігіндегі жерді қорғаудың тиімді тәсілі ор қазу деп біледі.