Президент • 19 Қараша, 2018
Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының кезекті сатысы үшін нақты бағдар саналады. Сарапшылардың пікірі бойынша, Елбасы саяси менеджментке шеберлігін көрсетті. Мемлекет басшысының кейінгі Жолдауын осылай сипаттауға болады. Бұл барлық адамдар арасында – билікті жақтаушылар және оппоненттері арасында да, тіптен саясат пен саясаткерлерден алыстағы адамдар арасында да үлкен резонанс тудырды.
Қазақстан • 19 Қараша, 2018
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
Медицина • 19 Қараша, 2018
Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз
Қапан Тұрсынов қырық жылдан бері балалар хирургы болып қызмет атқарып келеді. Ол Қазақ ұлттық медицина университеті балалар хирургиясы кафедрасының профессоры. 200-дей ғылыми мақала жазған. Соның тоғызы француз тілінде басылыпты. 3 өнертапқыштық жаңалығы бар. Балалар хирургиясына арналған «Нәрестелер хирургиясы», «Балалардың құрсақ қуысы ауруларының хирургиясы», «Балалардың хирургиялық іріңді қабыну аурулары» атты кітаптары жарық көрген. Бұл еңбектер республикамыздың барлық жоғары медициналық университеттеріне оқулық ретінде таратылған.
Қазақстан • 19 Қараша, 2018
Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай
Ауғанстан елдегі саяси және экономикалық жағдайдың аса күрделілігіне қарамастан, ара-тұра өз спортшыларын халықаралық жарыстарға жіберіп тұрады.
Қазақстан • 19 Қараша, 2018
Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажеттігін айта отырып, «бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр», деген пікір білдірді. Осы орайда сыртқы саяси бағыттағы Елбасының сындарлы саясатының жемісі ретінде Ақтау саммитінде қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны атап өткен орынды.