Экономика • 20 Қараша, 2018
Павлодар облысында астық та, көкөніс те мол
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауа райының құбылмалы болуына қарамастан, өңірде күзгі жиын-терім науқаны табысты аяқталды. Биыл өңірде 900 мың тонна астық жиналған. Астық жинаудан Железин, Ертіс аудандары жылдағыдай жоғары көрсеткіштермен алға шықты. Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС жасымық өсіріп, Түркияға экспорттауда.
Экономика • 20 Қараша, 2018
Шығыс Қазақстанда мал бордақылау алаңдарының саны артуда
Елбасының отбасылық мал бордақылау алаңдарының санын арттыру жөніндегі тапсырмасы Шығыс Қазақстанда жүйелі түрде орындалып жатыр деуге болады. Бүгінде өңірдің бір ғана Тарбағатай ауданында мыңға жуық отбасы өз үйінің ауласында мал бордақылаумен шұғылданып отыр.
Аймақтар • 20 Қараша, 2018
Денсаулық сақтауда түйткіл көп
Бір дәрігер орта есеппен 1900 адамды қарайды. Қалалық жерде бұл сан 3 мыңға жетеді. Негізінде бір дәрігерге келетін халық жүктемесінің нормативі – 1700. Қазір Атырау облысында 304 учаске бар, дәрігерлер жүктемесінің нормаға сай болуы үшін кем дегенде тағы 20 учаске ашу керек. Медицина саласында маман тапшылығы әлі күн тәртібінде тұр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін облыс әкімдігі медициналық жоғары оқу орындарына грант бөлуді қолға алған болатын. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен былтыр 34, биыл 54 мектеп түлегі грантқа ие болды. Өткен жылы өңірге 168, биыл 142 дәрігер келді. Алайда мұнайлы аймақ әлі де маманға мұқтаж.
Қазақстан • 20 Қараша, 2018
«Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мені шыңдаған «Серпін» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатқан еліміздің жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру колледждерінің студенттері қатысты.
Қазақстан • 20 Қараша, 2018
Мәулен Әшімбаев ауыл еңбеккерлерімен кездесті
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылына арнайы барып, жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. Оларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, осы салада табысты жұмыс істеп тұрған «Шаңырақ» серіктестігінің жұмысымен танысты.