Қоғам • 29 Қараша, 2025
Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығы деп аталатын ғажап мекеме бар. Бүгінде орталық жанындағы үйірмелерде 400-ге жуық бала табиғатты зерттеу мен қорғауға бағытталған түрлі іс-шараға тұрақты қатысып келеді.
Білім • 29 Қараша, 2025
Биылғы оқу жылында Сыр бойындағы мектептерде жаңалық көп. Әсіресе Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр атын иеленген №70 орта мектептегі ұстаздар мен шәкірттер үшін ерекше жаңалыққа толы болды. Сыңғыр үні әлемді тербеген күміс көмей әнші, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланова оқыған республикаға белгілі білім ошағы биыл 105-оқу жылын қарсы алып отыр. Тарихы тереңде жатқан мектепті әр жылдары бірталай азаматтар басқарыпты. Солардың бірі – екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Байжігіт Жүсіпов ақсақал еді. Саладағы белгілі маманның жұбайы, Ағарту ісінің үздігі Алмаш Жүсіпова да осы мектепте математика пәнінің мұғалімі болған.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Абай облысы әкімдігінің қолдауымен өткен «Абай әндері» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды.
Экономика • 29 Қараша, 2025
Инфрақұрылым игілігі мен экологиялық жауапкершілік
Кейінгі жылдары еліміздің экономика мен экологиялық саясатында жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл – мемлекетке артық салмақ салмай, өз табысын өзі тауып, соны қайта халық игілігіне бағыттайтын жаңа модель. Мысалы, бір жағынан ақылы жолдар қозғалысты қауіпсіз әрі сапалы ету арқылы өз-өзін қаржыландыратын жүйеге айналса, екінші жағынан, «Жасыл даму» компаниясы табиғатты қорғау, экологиялық қатерлерді жою әрі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бағытында ірі жобаларды іске асырып отыр.
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Гуанси аймағындағы шекара бекеттеріне «Walker S2» атты өндірістік гуманоид роботтар жұмыс істейтін болады.