Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан», «Адал Азамат» және «Заң мен Тәртіп» атты мурал ашылды
Жетісу облысында бір күнде үш тақырыптық муралдың ашылу рәсімі өтті. Бұл бастама Президенттің «Әділетті Қазақстан» идеологиялық тұжырымдамасы аясында өңір жастарының ұсынысымен жүзеге асқан. Жоба азаматтық жауапкершілікті арттыруды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 31 Қазан, 2025
Зейнолла Сәнік мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті
Қазақстан Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының ұйымдастыруымен жазушы, этнограф-ғалым Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған «Ата дәстүр, асыл сөз» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Бішкек халқы қазақ мәдениетімен жақынырақ танысты
Бішкектегі Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінде «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты фотоқұжаттық көрме есік ашты. Алматыдағы Ұлттық орталық музей мұрындық болған ауқымды жоба XIX ғасырдан XX ғасырдың соңына дейінгі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасынан сыр шертеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Амстердамда Алматы музейінің көрмесі ашылды
Нидерланд Корольдігінің астанасында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» атты көрмесі ашылды. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 31 Қазан, 2025
TikTok еліміздегі шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді?
Бүгінде TikTok тек көңіл көтеру алаңы емес, ол бизнес пен креативтің, технология мен табыстың түйіскен нүктесіне айналды. Миллиардтан астам адамды біріктіретін бұл платформа әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп отыр. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалған жоқ. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok компаниясы еліміздегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына платформаның ықпалын зерттеп, алғаш рет кешенді талдау нәтижелерін ұсынды. Зерттеу көрсеткендей, TikTok-ты апта сайын қолданатын әрбір алтыншы кәсіпкер өз кірісінің жартысынан астамын дәл осы платформаның арқасында табады. Ал оны белсендірек пайдаланған жағдайда, мұндай табысқа жететін компаниялардың саны екі есеге дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.