Өндіріс • 30 Қазан, 2024
Өлкедегі өндіріс үдерісі үзілмейді
Өңірге шетелдік инвесторларды тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын құру жұмысы сәтімен жүзеге асып жатыр. Осы жылы Әулиеата жерінде шетелдік бірнеше компанияның келуімен жаңа зауыттардың құрылысы басталды. Ал біршама уақыт бұрын басталған кейбір өндіріс ошақтары осы жылы пайдалануға беріледі.
Ауыл • 30 Қазан, 2024
Шағын ауылдардың шырайы қалай кірмек?
Ауыл тұрғындары күрт азайып, қартайып бара жатыр. Кейінгі бес жылдың ішінде өңірде 13 ауыл жабылған. Зеренді ауданына қарасты Қарлыкөл ауылындағы қос қабатты, еңселі мектеп сатылғалы жатыр деген суыт хабар жеткеннен кейін ізін суытпай іле бардық. Сатылымға шығарылғаны рас екен. Жаңа оқу жылында 19 оқушы қалғаннан кейін білім ошағы жабылған. Бұған дейін ауылдың ортасындағы клуб, балабақша сатылып кеткен. Ендігісі жүзге жуық отбасы тұратын, етек-жеңі кең пішілген ауылдағы көзге түсетін жалғыз ғимарат – осы мектеп.
Шаруашылық • 30 Қазан, 2024
Солтүстікте орақ науқаны Республика күні қарсаңында толық аяқталды. Жер ана да төсін иіп беріп, облыс биыл рекордты көрсеткіш – 6,2 млн тонна астық жинап отыр. Былтырғы жиналған астық көлемі 3,7 млн тонна ғана болған еді.
Сараптама • 30 Қазан, 2024
Қазіргі кезде спорттағы әйелдің орны мен рөлі туралы таным мен түсінік, әйел бейнесі жөнінде қалыптасқан әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінде ерлердiң әйелдерден басымдығы өзгерiстерге ұшырай бастады.
Құқық • 30 Қазан, 2024
Болашақ заңгерлердің бағын ашатын байқау
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) сотында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «AIFC Court Moot» студенттік сот үдерісінің биылғы байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқаудың бір артықшылығы оған АХҚО сотының аға судьялары төрелік етеді. Олардың ішінде биыл АХҚО сотының төрағасы, былтырға дейін Ұлыбритания корольдігінің құрамындағы Англия мен Уэльс Жоғарғы сотының төрағасы қызметін атқарған әйгілі ағылшын судьясы Мэлдон лорды Бернетт те болды.