Оқиға • 01 Қазан, 2020
Қазақ тілін дамыту, оның мемлекеттік тіл мәртебесіндегі деңгейі туралы айтып, жазып жүрген тіл жанашырлары жеткілікті. Алайда еліне етене жақын «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген ел ағалары М.Жолдасбеков пен Б.Бодаубайдың туған тілдің тағдыры туралы мемлекеттік маңызы бар мәселе көтерген мақаласы тілші-ғалым ретінде мені тебірентіп, қолыма қалам алғызды.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Жылқы баптау – қанға біткен қасиет
Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бәйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.
Руханият • 01 Қазан, 2020
Ибадолла әулиенің мазары Павлодар – Семей тас жолының бойында орналасқан Аққулы ауданы, Қызылқоғам ауылында, бұрынғы Тұзқала деп аталған елді мекеннің үшінші бөлімшесінде орналасқан. Күні бүгінге дейін мұнда тәу етуге, құран бағыштауға келушілер баршылық. Бабамыз ұзақ өмір жасап, 95 жасында 1965 жылы пәниден өтті. Ол діндар білімділігімен, көріпкел әулиелігімен өзі өмір сүрген ағайын арасында ғана емес, төңіректегі іргелес өңірлердің барлығына, алыс-алыс аймақтарға даңқы жайылған шарапатты адам болды. Бүкіл өмір жолын, халқына жасаған қызметін толық білмегенмен, көзінің тірісінде өзіміз көрген, елдің аңыз ғып айтып жүрген қасиеттерінен ойымызда қалған мына төмендегі деректерді келтірейік.
Оқиға • 01 Қазан, 2020
Тетис мұхитын мекендеген балық
Биыл көктемде «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Қашар карьерінің оңтүстігінде жер қыртыстарын аршу барысында шамамен 40 метр тереңдіктегі саз балшықтан көлемі бір жарым метрге жететін ежелгі балықтың қаңқасы табылды.
Спорт • 01 Қазан, 2020
Мықтылардың «мүйізін қаққан» Мұхтархан
Бұған дейін газетімізде Ермахан Ыбырайымов («Ер мінезді Ермахан»), Бекзат Саттарханов («Бекзада өнер, Бекзат батыр») және Болат Жұмаділов («Отандық бокстың оғыланы») сынды боксшылар жайында көлемді мақалалар жарық көрді. Олардың барлығы да осыдан дәл 20 жыл бұрын Сидней Олимпиадасында атой салған саңлақтар екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Бүгінгі кейіпкеріміз – Мұхтархан Ділдәбеков. Ғасырлар тоғысында жасыл құрлықта өткен ғаламдық додада аса ауыр салмақта айқасқан айтулы былғары қолғап шебері күміс медальды олжалаған еді.