Қоғам • 01 Қазан, 2020
Ұшақта маска тақпағандарға 30 АЕК айыппұл салынады
Отандық әуе тасымалдаушылар ұшақта маска тағудан бас тартқан жолаушыларға 1 416 780 теңге айыппұл салынғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қазан, 2020
Өңірлерге құс тұмауына қарсы 7,7 млн вакцина бөлінді
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 01 Қазан, 2020
Жаңақорғанда жылқылардың неден қырылғаны белгілі болды
Жаңақорған мен Шиелі аудандары Сыр бойындағы мал өсіруге қолайлы аймақтар қатарынан саналады. Қаратау баурайын тең жайлаған қос ауданда қорасынан түліктің қай түрін де өргізіп отырғандар көп. Бірақ осы жаз Жаңақорғанда жылқы ұстап отырғандарға ауыр тиді. Тамыз айында Қамбар ата тұқымына белгісіз бір дерт тиіп, аз күнде бақандай төрт ауылда біраз мал шығын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Қазгидромет фермерлерге арналған интернет-қосымшаны іске қосты
Интернет-қосымша министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленді, шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. AgroData-ны кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қазан, 2020
Мақтааралдық кәсіпкер аудандық ауруханаға тікұшақ қонатын алаң салып берді
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жергілікті кәсіпкер аудандық аурухананың жанында орналасқан өзінің жекеменшік жер теліміне тікұшақ қонатын алаң салып берді. Бұған дейін ауыр жағдайдағы науқастарды облыстық емдеу мекемелеріне жеткізетін тікұшақ елді мекен шекарасындағы егістік алқаптарға қонатын болған, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.