Ғылым • 02 Қазан, 2020
Ғылым мен тәжірибені ұштастырған
Адам баласының естен кетпес әдемі естеліктерге толы кезеңі балалық шағы емес пе? Көңілде ешбір кірбің жоқ алаңсыз әрі бақытты осынау балғын шақта Алтынай өзі қатарлы достарымен бірде дәрігер болып, бірде сатушы, ал көбінесе мұғалім болып ойнайтын. Бала қиял шындыққа айналып, арманы орындалды. Алтынай – бүгінде ұлағатты ұстаз.
Спорт • 02 Қазан, 2020
Осыдан дәл 32 жыл бұрын, яғни 1988 жылдың 2 қазанында Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде XXIV жазғы Олимпия ойындарының алауы сөнді. 16 күнге созылған бәсекелер барысында 159 мемлекеттен келген 8465 спортшы бақ сынады. Олар спорттың 27 түрі бойынша 263 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте КСРО құрамасы жеке-дара көш бастады. Олар 55 алтын, 31 күміс және 46 қола медальды олжалады. Барлығы – 132 жүлде. Кеңес Одағы құрамасы сапында табысты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарында қазақстандық спортшылардың да қатары қалың болды.
Елбасы • 02 Қазан, 2020
Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі бағыттар аталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Қазан, 2020
Бердібек Сапарбаев ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады
1 қазан – қарттар күні Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ардагерлерге құрмет көрсетілді. Мерекеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, облыстың және қаланың Құрметті азаматтары шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қазан, 2020
“Білім саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісін алуға 659 өтініш түскен
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше конкурсқа қатысуға келіп түскен қатысушылар өтініші комиссия мүшелері тарапынан қаралған, деп хабарлайды Egemen.kz.