Теннис • 05 Қазан, 2020
Бұл күндері Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирін Қазақстанның теннисшілері керемет бастаған еді. Жарыс жолына шыққан жерлестеріміздің арасынан тек Зарина Диас қана екінші кезеңге өте алмады. Ол тунистік Онс Жаберден жеңілді. Ал өзге ойыншыларымыздың барлығы да тұсаукесер кездесулерінде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты.
Спорт • 05 Қазан, 2020
Кешенді жарыстарда ең көп жүлде жиынтығы жеңіл атлеттер сайысында сарапқа салынатыны белгілі. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында – 141, ал 2019 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында 147 медаль таратылды. Яғни спорттың осы түрінде қай елдің өрендері табысты өнер көрсетсе, солардың жалпы командалық есепте топ жаруына тамаша мүмкіндік туындайды. Сол себепті жанкүйерлер жеңіл атлетиканы «Спорт падишасы» деп те атайды.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
2018 жылдан бастап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша құрылысқа арналған, жалпы ауданы 335,98 гектар пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздегі құрылыс үшін берілген, алайда пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарып алу жөнінде айтқан болатын. Біздің өңірде де осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылды.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Қала қазақтарының басты базынасы – баспана еді. Кейінгі кездері мемлекеттің түрлі бағдарламалары арқылы үй алу анағұрлым жеңілдеген. Енді міне, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары «Шаңырақ» («5-10-20») атты жаңа бағдарлама арқылы үйлі бола алады.
Кино • 05 Қазан, 2020
Құрдымға бет алған кинотеатрлар
Елдегі кинотеатрлардың есігі 13 наурызда жабылған-ды. Содан бері ашылған жоқ. Жұмыссыз өткен жеті айда олар шамамен 10,5 млрд теңгеден қағылды. Демек, ел қазынасына салық түріндегі қомақты қаржы да түспей қалды.