Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Президенттің жаңа бастамалары ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында айтылды
Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған Қазақстанды одан әрі жаңғыртудың жаңа қадамдары Е.Қарин баяндамасының негізгі өзегі болды, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 31 Қазан, 2025
Аутизмге шалдыққан балаларды емдеу шаралары жақсарады
Елімізде «Аутизм спектрі бұзылысы» (АСБ) диагнозы қойылған балалар саны өсіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2025
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Елдегі заң мен тәртіпті қалыптастырудың маңызды буыны – прокуратура. Бұған дейінгі жолдауларда прокуратураның жұмысын жандандыруға бағытталған міндеттер мен межелер аз болмады. Соның ішінде инвесторларды сүйемелдеу, отандық кәсіпкерлерді заңсыздықтан қорғау, азаптауларға тосқауыл қою, шетке кеткен активтерді елге қайтару сияқты қадау-қадау тапсырмалардың жүктеліп, ол бойынша іргелі істердің атқарылғанына жұртшылық куә. Ал биылғы жолдау Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін жүктеп отыр. Осындай ауқымды жобадағы Прокуратураның рөлі қандай? Жалпы жасанды интеллект дәуірінде прокуратура қызметі қалай өзгермек? Көпшілік көңіліндегі көптеген сауалдарға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевпен болған сұхбатта жауап іздеп көрген едік, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2025
Президент Queen’s University Belfast басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.