Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Маңғыстауда биыл жасөспірімдер қылмысы артты
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшылығының айтуынша, облыс бойынша жасөспірімдер қылмысы 4,1%-ға өскен.
Қазақстан • 31 Қазан, 2019
Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Монғолия Премьер-Министрінің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, белгілі ғалым Смағұл Оразақ, Моңғолияның Сыртқы істер вице-министрі Батмөнхийн Батцэцэг, бірқатар ғылыми мекемелердің басшылары, БАҚ жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Ана мен баланың дұрыс тамақтануы туралы семинар өтті
Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп Ақтау қалалық №2 емханасында ұйымдастырған оқыту семинарына емхананың медбикелері мен жас аналар қатысты.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
Ақтауда дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша акция өтті
Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облысында Нұр-Сұлтан қаласынан келген медицина ғылымдарының кандидаты М. Қайнарбаеваның көшпелі циклі өтуде. М.Қайнарбаева акцияға қатысушыларды дұрыс тамақтану аспектілері, тұз, қант және транс-майлардың жоғары мөлшері бар тамақ өнімдерін тұтынудың зияны туралы, сондай-ақ халық арасында артық салмақ пен семіздіктің алдын алу шаралары туралы хабардар етті.
Спорт • 31 Қазан, 2019
Ақтаулық таэквондошылар Атыраудағы жарыстан 48 медаль жеңіп алды
Жуырда Атырау қаласында таэквондо GTF тұжырымы бойынша «Atyrau Open» республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті. Ақтөбе, Орал, Ақтау және Атырау өңірінен барлығы 300 спортшы өзара мықтыны анықтады. Турнир Massogi және Xieng сынды екі бағдарлама бойынша өткен болатын.