Қазақстан • 26 Қазан, 2018
Теміржолшы Еңбек Ері атағына лайық емес пе?
Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының тағайындалғанына биыл 10 жыл толады. Осы жылдары кез келген еңбек адамы үшін республикамыздағы ең мәртебелі атақ 23 ерен тұлғаға берілген екен. Алғашқы құрмет ұстаз А.Т.Миразоваға көрсетілді, бұл шын мәніндегі әділ де заңды таңдау болатын.
Аймақтар • 26 Қазан, 2018
Жануарларға күрке жасап, азық дайындайды
Биылғы жыл өңірде «Экология жылы» деп жариялаған-ды. Осы бастамаға орай облыста 9,5 гектар жерге қарағай отырғызылды. Орманшылар жаңа егілген қарағайларды жаз бойы күтіп-баптапты. Олар орман мекемелеріне қарасты 9799 гектар жердің бабын тауып отыр.
Аймақтар • 26 Қазан, 2018
Алтынсариннің туған жері киелі орындар тізіміне енгізілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі «Атамекен» кіші бағдарламасымен Алтынсарин ауданында «Ұстазға тағзым»,«Ы.Алтынсарин туған жерін абаттандыру» жобасы іске асырылды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронованың қатысуымен Ы. Алтынсариннің туған жерінде «Омар құдығы» деп аталатын кешенінің салтанатты ашылуы өтті.
Әлем • 26 Қазан, 2018
Жапондық Хоккайдо аралында жер сілкінісі болды
Жапониядағы Хоккайдо аралының маңында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ria.ru
Қазақстан • 26 Қазан, 2018
Өзара әріптестіктің ширек ғасыры
Курчатов қаласындағы Қазақстан Ұлттық ядролық орталығында еліміздегі АҚШ елшілігінің өкілдері, DTRA мен DOE/NNSA ұйымдарының мамандары мен ғалымдары бас қосқан арнайы жиын болып өтті. Алқалы жиын жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі Қазақстан-АҚШ келісімшартының 25 жыл толуына арналды.