Ахмет Байтұрсынұлы • 02 Қазан, 2022
Жусаны жыр оқып, татыры ағыл-тегіл тарих болып ақтарылған қасиетті қарт Торғайдың қақ төрінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған торқалы той өтті. Дүбірлі тойға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп қатысып, Алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткішін ашты.
Руханият • 02 Қазан, 2022
Күллі адамзатты бауырына балап, адамшылықты ту еткен ұлы ойшыл Абайдай алыпты жаһанға танытып, «Абай жолы» дара жол екенін айғақтаған ұлт мақтанышы, заңғар жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл – 125 жыл. Осыған байланысты кемеңгер тұлғаның туған жері Абай облысында мерекелік іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылды.
Қазақстан • 02 Қазан, 2022
Рим Папасы: Қазақстан – өркениет пен өрліктің өнегесі
21 қыркүйек күні таңертең Папа Франциск дәстүрлі жалпы аудиенциясын өзінің Қазақстан Республикасына барған апостолдық сапарының қорытындыларына арнады.
Әлем • 02 Қазан, 2022
Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығыстың салқыны әлемге оңайға тимей тұрғаны белгілі. Алғы шептегі іргесі сөгілген әскерінің орнын толтыру үшін Кремль билігі ішінара мобилизация жариялады. Алайда осыдан кейін ел тұрғындары көршілес мемлекеттерге жөңкіле көшті. Олардың бір легі Қазақстанға келді. Осыған байланысты елімізде түрлі пікір қалыптасқаны белгілі. Дегенмен тоғызыншы территорияның тарихына көз жүгіртсек, халқымыздың мұндай «көштің» талайын бастан өткергеніне куә боламыз.
Экономика • 02 Қазан, 2022
Мұнай-газ саласының басым бағыттары Алматыда өткен KIOGE-2022 көрмесінде талқыланды
Алматыда «Мұнай және газ» XXVIII халықаралық KIOGE көрмесі мен конференциясы өтті. Биыл көрмеге Қазақстан, Әзербайжан, Бахрейн, Германия, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея және Жапонияның 196 мұнай-газ компаниясы қатысты. Үш күнге созылған алқалы жиынның басты мақсаты – салаға жаңа технологияларды енгізу.