Білім • 03 Қазан, 2022
Академик-математиктің есімі берілді
Жоғары мектептің ұйымдастырушысы, танымал математик-ғалым Құлжабай Қасымовтың есімі елі үшін қашанда ыстық. Жетісу облысындағы зиялылар мен білім саласы мамандарының ұсынысын ескеріп, Талдықорғандағы №28 IT мектеп-лицейіне әйгілі академиктің есімі берілді.
Білім • 03 Қазан, 2022
Балаларды сөз өнеріне баулыған
Табиғатынан жаны нәзік, адам баласына тек жақсылық жасап, айналасына шапағатын шашып, көпшілікке қуаныш сыйлап жүретін адамдар болады. Сондай жанның бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білгірі, ұлағатты ұстаз, ақын Жұмагүл Нәлібаева.
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Қазан, 2022
Жуырда Ибрахим Ағытай бастаған экспедиция Ахмет Байтұрсынұлының жүрген жолымен жүріп өтіп, өмірдеректеріне қатысты біршама тың дүниелер тауып қайтты. Мәселен, Абай облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынан Ахметке қатысты бір жапырақ құжаттың көшірмесін алып келді. Бұл – 1918 жылдың 3 наурызында Ә.Бөкейхан қол қойып, Алашорда мөрі басылған Алаш ресми хаты (бланкі).
Аймақтар • 03 Қазан, 2022
Бес өндіріс орны іске қосылады
Түріктің әйгілі KOÇ Holding қаржылық-өндірістік конгломераты мен қазақстандық Orbis Kazakhstan компаниясы Сыр бойында қызанақ пастасын шығаратын зауыт салады. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, KOÇ Holding өкілі Өзгур Бурак Ақкөл және Orbis Kazakhstan басшысы Сухраб Махмұдов Жаңақорған ауданына келіп, жаңа жобаның жай-күйін талқылады.
Аймақтар • 03 Қазан, 2022
Қайталанбас тарихи жәдігерлер елі
Елдігіміздің ежелгі тарихынан бастап, тәуелсіздік бедеріндегі бар жәдігерлерімізді жинақтап, көздің қарашағындай сақтап отырған Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей 17 жылдан бері үзбей Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Музейде екі елдің татулығына қызмет ететін дипломатиялық іс-шаралар шеңберінде түрлі көрмелер мен мәдени іс-шаралар өтіп жатады.