Тұлға • 01 Қазан, 2024
Ғаламға ғашық, қаламға ғашық жыр-жүрек
Ұлт баспасөзінің бүгінгі патриархы, көрнекті журналист-жазушы, көркем тәржіманың хас зергері, талай журналистер буынының ардақты ұстазы Сарбас Ақтаев хақында айрықша тебіренбей, бөлекше толқымай қалам тербеу мүмкін емес. Қауырсын қаламын ең алғаш өлең өріп, жыр жазып, айтыста сайысып шыңдаған қиялы ұшқыр, ойы сергек ол әдебиеттің барлық жанрында қажымай, талмай моншақтатып тер төгіп келеді. Тегеурінді еңбектің жемісі саналар оннан астам тарихи-танымдық, деректі-көркем әдеби кітаптары республиканың баспаларынан жарық көрді. Әлем әдебиеті өкілдерінің ең таңдаулы, ең танымал авторларының романдары мен повестерін, хикаялары мен әңгімелерін қазақтың құнарлы тілінде сөйлетті. Олардың жалпы саны жүзге барып жығылады. Неткен жанкештілік!
Көрме • 01 Қазан, 2024
Белгілі қылқалам шебері әрі мүсінші Тілеужан Батановтың шығармашылығы өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның кенептегі кеңістігінде отбасы құндылығы, ғашықтық ғаламаты, ұлт мұраты сынды құнды тақырыптар көрініс табады. Туындыларын көзбен көріп, көңілмен сезіну үшін автордың «Сезім» атты көрмесі Астана қаласындағы Ұлттық музейде ел назарына ұсынылды.
Тағзым • 01 Қазан, 2024
Қара өлеңді қадір тұтқан жамбылдық жас таланттардың бас қоспағанына да біраз жылдың жүзі болған еді. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен сол олқылықтың орны толтырыла бастады. Біраз бұрын ақын Хамит Есаманның шығармашылық кешін өткізуге мұрындық болған облыс әкімі енді Шерхан Мұртаза туған Талапты топырағындағы қаламгердің қара шаңырағында жамбылдық жастардың басын қосты.
Спорт • 01 Қазан, 2024
Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender-2024 турнирінің 19 жасқа дейінгі спортшылар бәсекесінде Алан Құрманғалиев алдына жан салмады. 17 жастағы қарағандылық өрен жарыс барысында саудиялық Мұртадх Әбу Абдулла, Абдулал Алхамиса, Әли Әлтахера, үндістандық Сарт Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиден басым түсті. Ал Абдолла Мамай мен Сарвиноз Мірқадырова жұбы Грузияның Батуми қаласындағы жарыста бас жүлдені олжалады.
Таным • 01 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Соғымға қимайтын қой
Мына бір жаңалықты естіп, аң-таң болдық. Жамбылдық шопанның бір ғиссар қошқары 72 миллион теңге тұрады екен.