Талбесік • 01 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. «Семей орманы» Өаясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал», деген еді.
Үкімет • 01 Қазан, 2024
Дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқанына қатысты жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Сұхбат • 01 Қазан, 2024
Ерлан Нысанбаев: Тұран жолбарысы қайта оралды деуге болады
Өткен апта еліміз үшін тарихи оқиғамен басталды. Ұзақ жылдан кейін Тұран топырағына жолбарыс қайта оралды. 2010 жылы осы аң түрін сақтап қалуды талқылаған алғашқы халықаралық форумда еліміз жабайы жыртқышты өңірге әкеліп жерсіндіруге дайын екенін мәлімдеген еді. 2017 жылы еліміз бен WWF International (Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры) арасында меморандум жасалып, соның негізінде арнайы бағдарлама әзірленді. Жоба аясында алаңы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватын құру, оңтүстік Балқаш маңы экожүйесін қалпына келтіру жұмысы атқарылды. Бұл істің еліміз үшін маңыздылығын Президент 2021 жылғы жаңажылдық үндеуінде атап өтті. Ал күні кеше Нидерланд елінен екі Амур жолбарысының жеткізілуі бағдарламаның маңызды кезеңі басталғанын көрсетеді. Осыған орай Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 01 Қазан, 2024
Өркениет көшіндегі өрелі жұрттың қариясы да қадірлі болатыны рас. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейтін қазақы таным-түсінікте үлкенді құрметтеп, төрден орын беру – бұлжымас қағида. Мемлекет те қарияларымыздың қамсыз өмір сүруіне барынша жағдай туғызып келеді.
Қоғам • 01 Қазан, 2024
Бүгінде Батыс Қазақтан облысында 97 343 егде жастағы адам бар екен. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстың 10 ардагері, ЕДС ардагеріне теңестірілген 706 адам, 213 соғыс жесірі, 2 234 тыл еңбеккері өмір сүріп жатыр.