Қоғам • 01 Қазан, 2019
Жас мамандарға қолдау күшейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған бірінші Жолдауында мемлекеттік органдар үшін де, жалпы қоғам үшін де алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар мен бағдарларды айқындап берді.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Мәдениеттің мәртебесі асқақтайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін нығайту, қарқынды дамыған экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлердің дамуына қатысты мәселелер қозғалды.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Ауылды өркендетудің жауапты кезеңі туды
Ауыл шаруашылығын уақыт талабына сай өркендету және Қазақстан экономикасының табысты саласына айналдыру мәселесіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырғанын, осы орайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласына ауқымды жаңғырту қажеттігі атап көрсетіліп, агроөнеркәсіп саласын дамытудың маңызды бағыты айқындалған болатын.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Жангелдин ауданының орталығы Торғай кентінде «Музей түні» өтті. А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы мұражайында егеменді қазақ елінің төл ақшасы – теңгенің үлгісін әзірлеуге, оны айналымға енгізу ісіне еңбек сіңірген, банк ісінің дамуына үлес қосқан экономика ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік банк ісінің үздігі, жерлесіміз Ғалым Байназаровтың 75 жасқа толған мерейтойына, өмір және еңбек жолына арналған көрменің ашылу салтанаты өтті.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Адамзат атаулыға өркениет ұрығын сепкен тұрлаулы тұрандықтар кемінде төрт мыңжылдық көлемінде басынан сөз, жерінен бір кез асырып көрмегендіктен, Еуразия кеңістігі Ұлы дала деп аталған! Дүние қозғалысының бір толқынында сол киелі жердің қақ ортасында қарашаңырақты иеленіп отырған Қазақ елінің тәуелсіздік алуы әлем тарихындағы жарқын да жаңа жылнама дер едік! Сөйтесіз де мынау жарқылды жаһандағы мыңжылдықтар төрінде тарихтың ауық-ауық қайталанып отырарына имандай иланасыз.