Тағайындау • 29 Қазан, 2019
Манас Орынбасаров жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына сәйкес, Манас Орынбасаров шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
«Кәсіп түбі-нәсіп» жобасы Жаңаөзенде жұмысын жалғастыруда
Жаңаөзендік кәсіпкер Болат Туланов ойға алған кәсібін іске қоса алмай жүрген іскерлердің бірі. Қатты қалдықтарды қайта өңдеп, құрылыс материалдарын жасайтын шеберханасын ашуға қаражаты да, заңдық сауаты да жетіңкіремеді. Шаһарда жақында басталған «Кәсіп түбі-нәсіп» жобасы бизнес идеясын қайта қолға алып, арманын іске асыруға серпін берді.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Қарақияда қысқартуға ұшырағандарға жұмыс қарастырылуда
Жұмыс көлемінің азаюына байланысты қазір «Ерсай» компаниясынан жұмысшылар қысқарып жатыр. Бүгінгі таңда Қарақия ауданының 400 азаматы жұмыстан босады.
Президент • 29 Қазан, 2019
Президент «Tech Garden» инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2016 жылы жүрек-қантамырлары ауруынан әлемде 17,9 миллион адам көз жұмған. Бұл сол жылы қайтыс болғандардың 31%-ын құрады. Осы адамдардың 85%-ы жүрек талмасы мен инсульттен зардап шеккен. Ал жүрек-қантамырлары ауруынан көз жұмғандардың 80%-ы табыс деңгейі төмен және орташа елдерде тіркелген көрінеді.