Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 10 млрд теңге аударды
Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау облысы бойынша 10 млрд 400 млн теңге шамасында жарна түсті. Бұл – жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі уақытта түскен сома. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалы хабарлады.
Экономика • 01 Қазан, 2019
Биыл республикалық бюджет кірістері 7 трлн 81 млрд теңгені құрайтын болады - ҰЭМ
Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Ұлттық Экономика министрі Р.Дәленов негізгі макрокөрсеткіштер және бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндады, ал Қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасымен таныстырды.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Үкіметте оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев білім және әлеуметтік-мәдени салаға қатысты түрлі мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 01 Қазан, 2019
2020 жылдың соңына дейін 880 ауылда кең жолақты интернет желісі қолжетімді болады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері туралы өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев баяндама жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Экология • 01 Қазан, 2019
Маңғыстауда экологтар сенбілікке шықты
Маңғыстау облысы Экология департаментінің ұжымы сенбілікке шығып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы департамент өкілдері хабарлады.