Руханият • 01 Қазан, 2019
Маңғыстауда Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналып облыстық драма ұжымдары байқауы өтті.
Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған облыстық драма ұжымдарының байқауы өз кітабының атына сәйкес «Алтын шуақ» деп аталды.
Технология • 01 Қазан, 2019
5G желісіне ауысу Интернет тарифтері құнының өсуіне әкелмейді — А.Жұмағалиев
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ауылдық елді мекендердегі ұялы байланыс сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Технология • 01 Қазан, 2019
Қазақтелекомда электронды SIM-картаға көшу перспективалары туралы айтылды
Бүгін Үкімет үйінің баспасөз алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Қазақстанда 5G енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Алматыда алғаш рет отбасылық айтыс өтті
Жөргегінде жыр қасиетін еміп, «сөз құдіретін өз құдіретім» деп таныған қазақ үшін ұлтымыздың ұлы мұрасына баланатын айтыс өнерінің орны бөлек. Сондықтан болар, сұлу сөзге сусап келген тыңдарманды сүмбіле жырдың суатына сүйрей жөнелетін сөз барымтасының бәсіресі сәтке де болса биіктен құлап көрген емес. Аптаның жұмыс күніне қарамастан Республика Сарайына «айтыс тыңдаймыз» деп ағылған ақеділ ағайынның ақжарма көңілі, ақындарына деген алғаусыз махаббаты осы сөзімізді тағы да қуаттай түскендей. Азаттықтың алтын бесігі саналатын Алматы төрінде Nur Otan партиясының тікелей қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты ақындар айтысы өтті. Аты айтып тұрғандай, Алатаудан ағылған жыр тасқыны бұл жолы отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық діңіміздің негізгі өзегіне айналған ата өсиетін, әже қасиетін жадымызда жаңғыртты.
Президент • 01 Қазан, 2019
Қазақстан Президенті Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті.