Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Бүйрегін ауыстырған алматылық келіншек ана атанды
Кеше Алматыдағы Перинатология және балалар хирургиясы орталығында 2014 жылы бүйрегіне туыстық трансплантация жасаған келіншек аман-есен босанып, ана атанды. Өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
Экономика • 01 Қазан, 2019
Кешенді әдіс тиімділікке қол жеткізді
Үкіметтің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған жоспарының орындалу барысы СҚО әкімдігінде бүгін қаралып өтті. Бұл жоспар экономиканың барлық саласын қамтыған кешенділігімен ерекшеленеді. Соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, құрылыс, әлеуметтік нысандардың жөнделуі, көлік және инженерлік коммуникацияны дамыту қамтылған. Үстіміздегі жылы ғана осы мәселелерді шешуге 92 млрд теңге бағытталды.
Бокс • 01 Қазан, 2019
5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясыныңБаспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Алматыда «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» халықаралық конгресі өтеді
Осы апта, яғни 3 қазанда Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» конгресі (ОАГА) өз жұмысын бастайды. Іс-шараны ұйымдастыруға Денсаулық сақтау министрлігі, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Бауырды зерттеу бойынша Қазақ қауымдастығы, Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы мұрындық болып отыр.
Қазақстан • 01 Қазан, 2019
Еліміздің көптеген аумағында күн жылы болады
Қазан айының алдағы аптасында жылы күзгі күндер оралады және еліміздің көптеген аймағының тұрғындарын қолайлы ауа райы қуантады. Бұл Иран аудандарынан жылы ауа массасының түсуімен байланысты болады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады.