Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Семей қаласында ашылған мұғалімдер семинариясы – Мұхтар, Жүсіпбек, Қаныш, тағы басқа Алаштың айбоздары оқыған орын. Тарихи оқу орданың құрылғанына биыл – 120 жыл. Облыс орталығында Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мерейтойы аталып өтіп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Айтулы басқосуда оқу ордасының терең тарихы, жеткен жетістіктері және болашақтағы бағытын бағдарлайтын мәселелер талқыланды.
Фармацевтика • 02 Қазан, 2024
Фармацевтика ірі компаниялармен бірлессе игі
Жетекші салаларға тартылған инвестиция – экономиканың драйвері. Қуантарлығы, елдің инвестициялық тартымдылығы жылдан-жылға жоғарылап келеді. Шетелдік инвесторлардың кедергісіз, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалған, мемлекеттен қолдау тетіктері қарастырылған. Инвестиция фармацевтика саласын дамытуға да септігін тигізіп отыр.
Медицина • 02 Қазан, 2024
Сүйек кемігі донорының дүниежүзілік күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мен Сүйек кемігі донорлары Ұлттық тіркелімінің ұжымы баспасөз мәслихатын өткізді.
Денсаулық • 02 Қазан, 2024
Сырқаты ерекше балаларға – елеулі қамқорлық
Неврологиялық ауруға шалдыққан балалар қоғамға бейімделіп, өзін жат, оқшау сезінбесе, ол – осы бағытта қолға алынып, іске асып жатқан жұмыстың нәтижесі. Өкінішке қарай, мұндай ауруға шалдыққан бөбектердің диагнозы балабақшада, тіпті мектепке барғанда анықталатын сәттер жиі кездеседі. Салдарынан балаларды оңалту, қоғамға бейімдеу балаға, ата-анаға, содан соң оңалту курстарын жүргізетін мамандарға біраз салмақ салады. Ұлттық балаларды оңалту орталығы Астана медицина университетінің ұжымымен бірлесіп өткізген конференцияда саладағы осындай күрделі мәселелер қаралды.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Қызылордада «Тілдегі өзгерістер: тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Өңірдегі тілдерді оқыту орталығының 15 жылдығына орай тілге қатысты өзекті мәселелерді талқыға салған жиынды облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы орталықтар басшылары, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.