Саясат • 02 Қазан, 2024
Референдумға белсенді қатысуға шақырды
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері Жетісу облысына келіп, өңір халқымен алдағы референдумға қатысты өзекті мәселелерді, энергетика саласын дамыту бағыттарын талқылады. Сапар барысында депутаттар сарапшылармен, қоғам қайраткерлерімен бірге өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымымен, белсенді жастармен кездесті.
Референдум 2024 • 02 Қазан, 2024
Кеше референдум науқаны аясында Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті. Онда 6 қазанға белгіленген республикалық референдумды дайындау әрі өткізу мәселелері қаралды.
Қоғам • 02 Қазан, 2024
Батыс Еуропадағы сайлауды байқаудың алғашқы тәжірибесі
28-30 қыркүйек аралығында еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Аустрия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ департаментінің шақыруымен Аустрияға барып, 28-шақырылымдағы Аустрия Ұлттық кеңесінің мүшелерін сайлауды байқауға қатысты. Бұл – Қазақстанның Батыс Еуропадағы сайлауды байқаудың алғашқы тәжірибесі.
Энергетика • 02 Қазан, 2024
АЭС – энергетикалық қауіпсіздік
Климаттың өзгеруі – ең үлкен қауіптің бірі, ал көміртегі шығарындылары бұл үдерісте шешуші рөл атқарады. 2015 жылы Париж келісіміне қол қойылғаннан бастап халықаралық қауымдастық парниктік газ шығарындыларын азайту жолдарын белсенді түрде іздестіріп жатыр. Бүгінде біздің елді қоса алғанда 194 мемлекет көміртегі ізін азайту мақсатында міндеттемелер қабылдаған. Осы тұрғыдан алғанда атом энергетикасының маңызы зор.
Теңге • 02 Қазан, 2024
Қыркүйек айында теңге бағамында нығаю байқалды. 1 доллар 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ға күшейген. Ел қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 210 млн доллардан 221 млн долларға дейін өсті. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 4,7 млрд доллар.