Экономика • 02 Қазан, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов баяндады.
Руханият • 02 Қазан, 2019
Теміртас Ысқақов: Бұл – жоғалып бара жатқан қала одасы
Теміртас Ысқақов астанаға алғаш келгенде қала ескі танысындай көзіне соншалықты жылыұшырай көрінген. Кезіндегі Целиноград, Ақмола кезінен аңдалатын қаланың ескі тынысы туып-өскен жері Омбымен үндестігін аңғартты ма екен, бірден бауыр басып кетті. Ескі ғимараттарды суретке түсіре жүріп, қала тарихы мен архитектурасына қызыға, құлшына ден қойды. Жас талаптың бұл әуестігі он жылдан соң Fading.TSE атты үлкен жобаға айналатынын ол кезде өзі де бағамдай қоймаған. Иә, елорда мәдениетінің терең тарихының айғағы болатын бірегей тарихи-мәдени нысандар – уақыт тезінен өткен баға жетпес мұралар. Теміртасты қынжылтатын да осы мәселе, ескі қала келбетінің жылдан-жылға жоғалып бара жатқанына алаңдайды.
Руханият • 02 Қазан, 2019
Тоқсанның төріне шыққан абыз ағамыз Серғазы Қалиұлы бүгінге дейін ғылыми еңбектен қол үзген емес, білген-түйгенін қағаз бетіне өрнектей түюде. Өмірі үлгі ағаның әлі де болса айтары мол...
Экология • 02 Қазан, 2019
Ертең, яғни 3 қазанда Қазақстандағы барлық мектепте «Эко-сағат» кең көлемді акциясы басталады. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
Экология • 02 Қазан, 2019
Біздің толымды да арынды дарияларымыз, тарихи-жағрафиялық тағдыр ұйғарымында, сайын сахарамыздың кемерін шет-қиықтай ағып жатыр. Жайық, Сырдария, Ертіс... Бұл сулардың ел-жеріміз үшін игілігін тізбелеп жату артық болар. «Бұйырғанның берекетін берсін» деген ата ұстанымында, сондайлық несібені ұтым-ұтырымен және рәсуасыз игеру – опалы тірлік екенін тиім-нәтижесін молынан беретін жаңа үрдістер, интенсивті шаруашылық жолдары жақсы дәлелдеп келеді. Ал сонау тарих «кесімдерін» жаңа уақыт талабында қайта бағамдап, өз ақиқатымызға үйлесімде игеру, өз мүддемізге сабақтастыра дамыту – ендігі болмысымыздың ділгір міндеті.