Әлем • 26 Қазан, 2018
Иорданиядағы қайғылы оқиға: балалар қаза тапты
Иорданиядағы су тасқыны салдарынан шамамен 18 адам қаза тапты, олардың көпшілігі - балалар, деп хабарлайды EURONEWS.
Әдебиет • 26 Қазан, 2018
Атырауда Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті
Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға 300 ғылым мен білім өкілі қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 26 Қазан, 2018
Алматы әкімі ДДСҰ Еуропалық бюросының директорымен кездесті
Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының директоры Жужанна Якаб мегаполисте өтіп жатқан «Салауатты қалалар» Еуропалық желісі мэрлерінің саммиті аясында өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Алматы қаласы әкімінің Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Жужанна Якаб ДДҰ-ның Алматымен, жалпы Қазақстанмен ынтымақтастығы деңгейін жоғары бағалады, салауатты өмірді қалыптастыру мен денсаулық сақтау саласын модернизациялаудың оң нәтижелерін атап өтті.
Қазақстан • 26 Қазан, 2018
Сыртқы істер Министрлігі «Jas Diplomat» жаңа әлеуметтік жобасын іске қосты
Сыртқы істер министрлігі шетел дипломатиялық миссияларының және Астана қаласының мектеп-гимназияларының қатысуымен «Jas Diplomat» бірегей жобасын іске қосты.
Қазақстан • 26 Қазан, 2018
Халықаралық туризмде Қазақстан брендін қалыптастыру мәселесі қаралды
«Қазақстан Республикасының туристік қызметі туралы кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға байланысты «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар және туризм саласының өкілдері Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің мәжіліс залында бас қосты.