Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Сыртқы істер министрі Бағдад Әміреевпен кездесті
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Малайзиядағы көрмеде Алтын адам таныстырылды
Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 02 Қазан, 2019
Ұлттық Ядролық Орталықтың тұңғыш бас директоры Ғаділет Батырбековке мемориалдық тақта ашылды
Курчатов қаласында көрнекті қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық ядролық орталығының тұңғыш бас директоры Ғаділет Әндиянұлы Батырбековке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Ашылу Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында ұйымдастырылды.
Саясат • 02 Қазан, 2019
Париждегі қазақ-француз келіссөздері стратегиялық серіктестік рухында өтті
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың 30 қыркүйек пен 1 қазанда Парижде өткен келіссөздерінің нәтижелері қос тараптың қазақ-француз стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілігін көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Бүгін - Тоқтар Әубәкіров алғаш ғарышқа ұшқан күн
28 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне совет космонавт-зерттеушісі ретінде ұшты. «Союз ТМ» экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды.