Қаржы • 01 Қазан, 2025
Елімізде 2 млн 503 мың адам базалық, ынтымақты зейнетақы алады. Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды.
Инновация • 01 Қазан, 2025
Халықаралық көрмедегі отандық стартаптар
Минскіде өткен «Иннопром. Беларусь» халықаралық көрмесі аясында отандық кәсіпорындар өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы жұмыстарын таныстырды. Аталған көрме 15 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде қатысушылардың географиясы 15-тен 60 елге дейін кеңейіп, кәсіпорындар саны 1 мыңнан асты.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Қарттар күніне орай «Ауыл» партиясының Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалы «Жасанды интеллект жасқа қарамайды» тақырыбында жастар мен ардагерлердің кездесуін ұйымдастырды.
Руханият • 01 Қазан, 2025
Бекзаттық пен дегдарлық үлгісі
Ақтөбеде интеллектуалды поэзияның ірі өкілі, лирик Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығы мен атақты сатирик Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналған «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық байқауы өтіп, поэзия мен проза жанры бойынша сынға түскен 140 шығарманың үздіктері анықталды. Қуандық Төлегенұлының туған жері Қарабұтақ ауылындағы ақын тойына жан-жақтан жұрт жиналып, ұрпақтары да келіпті. Ақтөбедегі «Шығармашылық академиясы» ғимаратында өткен «Сөз өнерінің сәулеткері» атты кеште ақынның көзін көрген қаламдас інілері естеліктерімен бөлісті.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Қарттық қай жастан басталады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2002 жылғы қабылданған «Белсенді қарттық: саясаттың негізі» құжатындағы мәліметтерге сәйкес, қарттық 60 жастан басталады, оның өзінің кезеңдері бар.