Экология • 02 Қазан, 2019
Ауа сапасы туралы ақпарат Led-экрандарда көрсетіледі
Атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат енді Павлодар, Екібастұз, Петропавл және Ақтау қалаларының Led-экрандарында қолжетімді болады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Facebook парақшасында мәлімдеді.
Қоғам • 02 Қазан, 2019
Қазақстанда қарттарды әлеуметтік қолдауға 7 миллиардтан астам теңге бағытталған
Қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмекке 3,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл ретте, 1,2 млрд теңге санаториялық-курорттық емделуге, 1 млн-нан астам теңге қоғамдық көлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тіс протездеуге бөлінеді. 1,5 млрд теңгеден астам соманы басқа көмек түрлеріне бөлу жоспарлануда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 02 Қазан, 2019
Заң форумында кәсіпкерлердің құқықтық мәселесі талқыланды
Алматыда «Атамекен» ҰКП және Lincoln Company ұйымдастыруымен сот өндірісі жүйесін оңтайландыру мен жеңілдету, инвестициялық дауларды шешудегі тұрақтылық мәселесіне қатысты Заң форумы өтті.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Әскери бөлімдерге батырлардың есімдері берілді
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері ендігі уақытта қазақстандық армия тарихында маңызды рөл атқарған құрметті әскери қызметшілердің есімімен аталатын болады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Фронт-кеңсе – келелі іске дәнекер
Ақмола облыстық полиция департаментінің бастамасымен Есіл ауданында фронт-кеңсесі ашылды. Кеңседе күштік құрылым қызметкерлерінің көмегіне жүгінетін азаматтардың барлық мәселелері бойынша қабылдау жүргізілетін болады.