Қоғам • 01 Қазан, 2025
Бүгін – Халықаралық қарттар күні
Жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда және әлем елдерінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн аға буынға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеуге арналған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 01 Қазан, 2025
Бір палаталы парламент құрудың маңызы талқыланды
30 қыркүйекте Еуразиялық интеграция институты «Ашық саясат» сараптамалық клубының «Қазақстанда бір палаталы парламент құру және партиялық жүйені дамыту перспективалары» тақырыбындағы кезекті отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Отбасы банктің озық тәжірибесі
Алматыда еліміздегі тұрғын үй нарығының жетекшісі Отбасы банкінің ұйытқы болуымен «Тұрғын үй құрылыс жинақтары: озық тәжірибе және әртүрлі өңірлердегі стратегиялық көшбасшылық» атты халықаралық конференция өтіп, екі күнге созылған ауқымды іс-шарада сақа сарапшылар тұрғын үй саласындағы маңызды сауалдарды саралады.
Саясат • 01 Қазан, 2025
ЕКПА ел реформаларын жоғары бағалады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың іске асырылу барысы талқыланды. Франция Республикасына сапары аясында Палата спикері ЕКПА төрағасы Теодорос Русопулоспен, ЕКПА-ның Қазақстан бойынша баяндамашысы Жолт Неметпен, ЕКПА-ның Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитетінің Төрағасы Бертран Буикспен және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті. Сондай-ақ «Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформалар және парламенттік дипломатия арқылы бірлік» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Саясат • 01 Қазан, 2025
«Google»-мен ынтымақтастықтың берері мол
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік саясат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша «Google» компаниясының өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесу өткізді.