Жәдігер • 03 Қазан, 2024
Ғұн әшекейлерінің ерекше техникасы
Ғұндардың Еуропаға келуі бірнеше көркемдік стильдердің пайда болуы мен гүлденуін тудырды. Олардың ішінде ғұндармен ең жарқын, ең тығыз байланысты – полихромды стиль.
Мирас • 03 Қазан, 2024
Осы аптаның сейсенбісінде елорда төрінде орналасқан Ұлттық музейде Қарағанды облыс әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты салалас мекеме тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 20 қыркүйек – 1 қазан аралағында Ұлық ұлыс – Жошы хандығының 800 жылдық межелі датасына орай атқарылған республикалық дәргейдегі «Талас – Ұлытау – Сарайшық» атты тарихи-этнографиялық экспедициясының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.
Мәдениет • 03 Қазан, 2024
Торқалы тойда 126 ардагер марапатталды
1934 жылы ұлттық, әлемдік классикалық мәдени мұраны насихаттау мақсатында құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-маусымын тарих бетіне өрнектеді. 90 жылдық тарихында 300-ден аса шығарманы сахнаға шығарған қазақ өнерінің қара шаңырағы мерейлі белесін тыңғылықты дайындықпен қарсы алып отыр. Атаулы күнге орай саналы ғұмырын киелі сахнаға, шығармашылыққа қызмет етуге арнаған театрдың 126 майталман маманы арнайы төсбелгімен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Кино • 03 Қазан, 2024
Режиссер Руслан Акунның «Пейіш ананың табанының астында» фильмінің жалпыхалықтық көрсетілімге шыққанына біраз уақыт өткенімен, аталған туынды хақында айтылар жылы пікірлер легі әлі күнге дейін толастаған жоқ. Себебі жер басып жүрген пенде біткеннің бәріне ортақ тілекпен ұштасқан картина көңілде жатқан көп қатпарды қозғағаны анық.
Тұлға • 03 Қазан, 2024
Жалпы, бізде тұлғатану – әлі күнге шешімін таппай отырған күрделі мәселе. Мұның солай екенін осыдан екі жыл бұрын, есімі еліне танылған көп зиялының бірі де емес, замандастары ерен еңбегін айрықша бағалап, «ұлт ұстазы» деп танып, даралаған, оны халқы құп көріп солай қабылдаған, бірдің бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың 150 жылдық мерейтойының кіндік қаны тамған туған өңірінде, әлгі карияларымыз айтатын: «жетім қыздың тойындай» деңгейде өткенінің куәгері ретінде өзіміз де анық аңғарғандай болып едік. Арада тағы екі жыл өткенде, биыл халқымыз ардақты азаматым деп ерекше құрмет тұтқан тағы бір аяулы перзенті – Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынның (дұрысы: Нұртас Оңдасынұлы Дәндібай болуы керек. – Қ.С.) 120 жылдығы республика бойынша атап өтілетіні хабарланып, содан бері өткен тоғыз айдың ішінде мерзімдік баспасөз бетінде осыған байланысты жарияланған бірнеше мақаланы оқығаннан кейін көзіміз одан әрі жете түскендей болды. Өз мүмкіндігімізге қарай сұрастырып көргенде, біз сөйлескен жастардың көбісі Нұртас Оңдасынұлының кім екенін білмейтін болып шықты. Ал «білем» дегендерінің таным-түсінігі: «кешегі өткен кеңестік дәуірде қазақ үкіметін басқарған көп басшылардың бірі болса керек» дегеннен аспады.