Президент • 02 Қазан, 2025
Президент AI SANA Generative Nation байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында AI SANA Generative Nation байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қазан, 2025
Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын мәлімдеді
Ол бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсе ашылғанын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Қазан, 2025
Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Ел өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналған, нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 02 Қазан, 2025
«Астана Опера» елордалықтарға «Риголетто» қойылымын ұсынады
Әлемдік опера сахнасының төрінде атақты композитор Джузеппе Вердидің «Риголетто» қойылымы ең үздіктердің қатарында. «Риголетто» әлемдік репертуардың ең танымал операларының қатарына жатады. «Астана Опера» театры қазан айының 3-нен бастап қатарынан үш күн осы әлемдік деңгейдегі ғажайып туындыны елордалықтарға, қала қонақтарының назарына ранцуз режиссері Арно Бернардың жаңа қойылымында және қоюшы дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың басшылығымен ұсынып отыр.
Қазақстан • 02 Қазан, 2025
Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 86 пайызға ұлғайтылды
Елімізде 2024 жылдан бері су үнемдеу технологияларын және суару жүйесін енгізуге арналған субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шаруалардың инфрақұрылым тарту, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ тариф құнына байланысты суармалы суға субсидияның сараланған мөлшері енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.