Заң мен Тәртіп • 03 Қазан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасы: Қаржылық еркіндікке қадам
Елдегі әр екінші азаматтың мойнында несие бар. Ал 1,5 млн адамның банк шоты берешекке байланысты бұғатталған. Ресми дерекке сүйенсек, халықтың жалпы қарызы 26 трлн теңгеден асып жығылады. Байқасақ, көпшілігі тапқан табысын алдымен несиені өтеуге, қалғанын күнделікті шығынға әрең жеткізеді. Кейде амалсыз оны да несиемен жамайды. Осылай қарыз қамытын киген жұрт күйзелісте өмір сүріп жатыр. Бұл әлеуметтік түйткілдің түйіні қалай тарқайды?
Пікір • 03 Қазан, 2025
Парламенттік реформа саяси жүйенің маңызын арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа тарихи дәуірге қадам басқанын білдіретін стратегиялық маңызға ие құжат. Онда еліміздің беделін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ілгерілетуге қатысты ұстанымдарымыз көрініс тапқан.
Зерде • 03 Қазан, 2025
«Шарқи сурх» журналындағы жазба немесе Әуезовтің тәжік қаламгері Икрамиға тигізген шапағаты хақында
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «ТМД архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты жоба аясында Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласына барған едік. Сол сапарда қоржынымызға қазақтың классик қаламгері Мұхтар Әуезов пен Тәжікстанның халық жазушысы Жалол Икрами арасындағы рухани достықтың дәнекері боларлық деректер түсті.
Тағзым • 03 Қазан, 2025
Айгүл Аханбайқызы қазіргі қазақ журналистикасындағы қалам қуаты мол, ақыл-парасат, кәсіби біліктілігі айқын қаламгер еді. Оның кісілік биік қасиеттерін жақын таныған адамдар жақсы біледі. Мынау жарық дүниеде рух туыстығы аса маңызды.
Ғалам ғажаптары • 03 Қазан, 2025
Әлем мектептерінде жаңа дәуір басталды. Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Эстония, Тәжікстан сияқты елдерде жасанды интеллектіні үйрететін арнайы пәндер енгізіліп жатыр.