Құрылыс • 29 Қазан, 2023
Әлеуметтік нысандар құрылысы тоқтап тұр
Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Хромтау аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер, спорттық-сауықтыру кешендері, кіреберіс жолдар, бірнеше мектеп жауапсыз мердігерлердің кесірінен жыл соңына дейін бітпейтін түрі бар. Оның үстіне Ақтөбе облысы автокөлік жолдарының сапасы жөнінен соңғы орынды бермей келеді.
Аймақтар • 29 Қазан, 2023
Үлкен қалаларға халықты сабылдырмау үшін, өңірдегі медицина саласын дамыту қажет. Бұл әрі ауылдағы ағайынның қалтасына артық жүк болмайды. Осы ретте облыстағы денсаулық сақтау мекемелеріне 9 мобильді ультрадыбыстық жүйе тегін берілді. Енді жетісулықтар жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өкпе дертінен ертерек айыға алады.
Өнер • 29 Қазан, 2023
Қайран қалдырған қуыршақтар...
Республика күні мерекесі аясында халықаралық театр бәйгелерінің қатары «Almaty puppet festival» қуыршақ театрлары фестивалімен толықтырылып, бірінші рет өткізіліп отырған өнер додасында Қазақстан, Польша, Болгария, Түркия, Өзбекстан, Грузия сияқты алты мемлекеттің өнер майталмандары бір сахнада бас қосты. Алматыда өткен халықаралық бәйгеге алыс-жақын шетелдің 60 театрынан өтінім келіп түскен. Фестивальды тың идеялар мен сәулелі сәттердің ордасына айналдыруды мұрат тұтқан ұйымдастыру алқасы 14 театр ұжымының жаңалыққа толы инновациялық қойылымын іріктеп алып, қуыршақ жүргізетін 150 шеберге шақырту жолдаған.
Музей • 29 Қазан, 2023
Музейшілердің алғашқы конгресі
Астанадағы Ұлттық музейде отандық музей қызметкерлерінің алғашқы конгресі өтіп, онда осы салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тың ойлар мен ұтымды ұсыныстар айтылды. Мазмұнды іс-шараға еліміздің 60 музейінен келген 200-ге жуық маман қатысты.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Қазақ өркениетін зерделеген ғалым
Алматыда Ұлттық кітапханада Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан ғылымының өркениет өрісіндегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда академик Еренғайып Омаровтың қазақ халқының қалыптасуы, дамуы, өмір салты жайындағы фактілерді арқау еткен «Қазақ өркениетінің негізі» монографиясы таныстырылды.