Медицина • 30 Қазан, 2019
Инсультке иілмеудің жолдарын қарастырады
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында 29 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында Ұлттық нейрохирургия орталығының республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы және ДДҰ елдік кеңсесінің ұйымдастыруымен «Инсульттан сақтану жолдары» тақырыбындағы ашық конференция өтті. Конференция жұмысына еліміздің медицина қызметкерлерімен қатар денсаулық сақтау саласының әлеуметтік қызметкерлері, нейрохирургия орталығының емделушілері, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қатысты. Конференция спикерлері ретінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, ДДҰ Қазақстандағы тұрақты өкілі, доктор Олег Честнов сөз сөйледі.
Аймақтар • 30 Қазан, 2019
Өнердің, соның ішінде қолөнердің түрі көп, тіпті заман ағымына сай бұл сала жаңғырып-жетіліп келеді десе де болады. Алайда қазақтың дәстүрлі өнерін, соның ішінде киіз үй жабдықтарына қатысты төлөнерді тасада қалдыру мүмкін емес.
Руханият • 30 Қазан, 2019
Тілеп қобызшыға кесене тұрғызылды
Халқымыз руханиятында қобыздың алар орны ерекше. Осы мифтік музыка құралының шанағынан халықтың мұң-зары төгілгендей, тіпті қазақ даласының музыка тіліндегі ғажайып көрінісіндей әсер береді. Қобызшылар тек күй тартып қана қойған жоқ, олар қобыз әуенімен емшілік жасады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2019
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жел, су, күн электр стансалары жұмыс істейді. Тиімді көздерден инвестиция тартудың нәтижесінде жұмыс істеп отырған стансалар өңір экономикасын дамытып қана қоймай, өз кезегінде мыңдаған жамбылдықтарды жұмыспен қамтып келеді. Бірқатар аудандардың ахуалының жақсаруына да серпін беруде.
Аймақтар • 30 Қазан, 2019
Мақсат – азық-түлік бағасын тұрақтандыру
Еліміздің қай өңірінде болсын күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызуы әбден мүмкін. Мұның алдын алу үшін Ақтөбе өңірінде бірқатар кешенді шаралар белгіленді. Бұл іске облыстағы қоғамдық кеңестің мүшелері белсене қатысып жүргенін де айта кетелік.