Әдебиет • 02 Қазан, 2023
1972 жылдың қоңыр күзі. Сабақтан шығып, жауып тұрған жаңбырмен жағаласып бір топ студент келе қалған автобусқа жапа-тармағай мініп алдық. Ол кезде мен Киров атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің үшінші курс студентімін. Менімен бірге автобусқа кірген студенттер оқуға биыл түскен балалар екені сөздерінен білініп, даурығып, су болған шаштарын сілкіп тастап, топтасып тұра қалып әңгіме боратты. Сол кезде біреуі «мен сендерге өлең оқиын, соны тапсаңдар, сыйлығым бар» деп тамағын кенеп өлең оқи жөнелді:«Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар,Байқасақ аспанда да алалық бар.Біреуде жас та болса, даналық бар,Біреуде қарт та болса шалалық бар».
Қоғам • 02 Қазан, 2023
Алаштың қаламгерлік, қайраткерлік мектебі
28 қыркүйек – Мұхтар Әуезовтің туған күні. Атаулы дата қарсаңында Мұхтар Әуезовтің немересі, Мұрат Мұхтарұлының қызы Зифа-Алуа Әуезова, Лола Ернарқызы Әуезова, Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры Диар Қонаев, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, Қанат Разақов Семей қаласына арнайы келді.
Инновация • 02 Қазан, 2023
Павлодар мен Ақмолада бірнеше IT-хаб ашылды. Нәтижесінде, қазір елімізде 11 өңірлік хаб жұмыс істеп тұр.
Технология • 02 Қазан, 2023
Технология заманында әрбір іс-әрекетіміз интернетпен тікелей байланысты. Өзімізге қажетті қызметтерді пайдалану кезінде деректеріміздің көбі сақталады. Ал біз оның маңызына аса мән бере бермейміз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке деректерді қалай қорғау керектігі туралы бірқатар кеңес ұсынды.
Форум • 02 Қазан, 2023
Астанада 12-13 қазанда Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум – «Digital Bridge 2023» өтеді. Халықаралық форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірлердің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады деп күтіліп отыр.