Қазақстан • 27 Қазан, 2018
Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері стратегиялық әріптестікті нығайтуға келісті
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен келіссөздер өткізді. Ч. Айдарбеков Қырғызстанның СІМ басшысы ретінде Астанаға өзінің алғашқы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Қазан, 2018
Таразда «Үшбұлақ» демалыс аймағы пайдалануға берілді
Көп жылдан бері «Үшбұлақ» каналының жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сынға да ұшыраған болатын. Бүгін сол олқылықтың орны толып, «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жоба аясында Тараздағы «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді.
Қазақстан • 27 Қазан, 2018
Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында консультациялар өтті
Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановтың және Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың тең төрағалығымен өткен келіссөздер барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Қазан, 2018
Таразда тарихи ерлік дәріптелді
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақтар санасында естелік болып жаңғырып тұра береді. Бүгін қала күні мерекесі аясында «Жеңіс» саябағында тарихи ерлік дәріптелді.
Аймақтар • 27 Қазан, 2018
Еліміздегі ең ұзын субұрқақ Таразда
Тараз тарихпен тамырласқан, шежіремен көмкерілген айшықты қаланың бірі. Күн өткен сайын түрленіп келе жатқан көне шаһардың қала күні қарсаңында тотыдай тарануы да заңдылық.