Пікір • 31 Қазан, 2021
Сезімі ақын, жүрегі батыр ғұлама ғалым
Академик Еділ Ерғожаұлының туғанына – 80 жыл Еділ Ерғожаұлы Ерғожин 1941 жылы 7 қарашада Алматы облысы Ескелді ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірді. 33 жасында «Жаңа ионалмастырғыш және тотығу-тотықсыздану полимерлерінің синтезі және түзілу заңдылықтарын зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Қазақ КСР ҒА Химия ғылымдары институты Ионалмастырғыш шәйірлері зертханасының меңгерушісі, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Химия факультетінің Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, деканы, аталған университеттің бірінші проректоры және ректоры, «А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ директоры, бас директоры және Ионалмастырғыш шәйірлер және мембраналары зертханасының меңгерушісі, ҰҒА вице-президенті (1994-1995), Білім және ғылым вице-министрі (1999-2002) болып жұмыс істеді. ҰҒА академигі E.E.Ерғожин «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңын, Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасын және «Ғылым» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобын басқарды.
Экономика • 31 Қазан, 2021
Қор қаражатының сарқылу қаупі бар ма?
Ұлттық қор қаржысы талай әңгімеге арқау болғалы қашан. Әу баста қорға жиналған қаражат 2030 жылға дейін жетеді деген үмітпен жүрдік. Расымен мұндағы ақша 2000-2014 жылдар аралығында тек өсім көрсетті, резерві 77,2 млрд долларға жетті. Алайда 2009 жылдан бері қордағы қаржыға қол салу жиілеп кетті. Қомақты қаржы әуелі банктерге, содан кейін экономиканы түзеуші деп танылған компанияларға кетті. Ақыр соңында Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев қордағы қаржы 2030 жылға дейін жетеді деген қиялға тым сеніп қалуға болмайтынын, трансферт жалғаса берсе алдағы бірер жылда қазынаның түбі көрініп қалатынын ескертуге мәжбүр болды.
Әлем • 31 Қазан, 2021
Көшбасшылар туризм саласын жандандырмақ
G 20 көшбасшылары коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен туризм саласын тез және тұрақты қалпына келтіруді қолға алуға уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 31 Қазан, 2021
ӘЧ: Махмұд Сабырхан жеңісті жорығын жалғастырды
Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 кило салмақтағы үкілі үмітіміз Махмұд Сабырхан жеңісті жорығын жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 31 Қазан, 2021
ӘЧ: Жапон жігіті өзбек Зойыровты еліне қайтарды
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті рет өзбек боксшысы жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.