Елорда • 30 Қазан, 2023
Астанада 3 қараша күні түгел түркінің басын құраған іргелі жиын өтеді. Түркі мемлекеттері ұйымының мерекелік оныншы саммитіне мүше мемлекеттер мен бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшылары қатысады. Сонау 2009 жылы Түркі кеңесі ретінде құрылған ұйым бүгінде келелі пікірлер айтылып, маңызды келісімдер жасалатын алаңға айналып үлгерді.
Еңбек • 30 Қазан, 2023
Еңбек нарығындағы өзгеріске дайынбыз ба?
Заман ағымына, қоғам қажетіне қарай еңбек нарығында өзгерістердің болуы заңды. Мұндайда еңбекке әне-міне араласқалы тұрған жастар сұранысқа сай салада білім алып, тәжірибелі, жұмыста ысылған мамандар біліктілігін шыңдап отырса жақсы. Бірер күн бұрын елордада өткен халықаралық конференцияда сала басшылары, елдегі және халықаралық сарапшылар еңбек нарығындағы сын-тегеуріндер мен өзгерістерді талқылады.
Өнім • 30 Қазан, 2023
Тауарларды таңбалау мерзімі ұзартылды
Мұндай шешім 2023 жылғы 24 қазанда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен тауарларды таңбалау жүйесі және қадағалау мәселелері жөніндегі кеңесте қабылданды.
Экономика • 30 Қазан, 2023
Контейнер ағынының 5-8%-ы Қазақстанға тиесілі
Әлемдік алыс-беріс пен сауда-саттық үдерісінде контейнерлік тасымал қарқынды даму үстінде. Бұл лекке Қазақстан да ілесіп келеді. Еуразия кеңістігінің орта тұсына орналасқан байтақ елімізде 11 халықаралық транзиттік дәліз бар. Олар Шығыс пен Батыс қатынасында теңіз жолдарынан 2,5 есе дерлік қысқа. Ел мен елді жалғауда ұтатын тұсымыз – осы.
Өндіріс • 30 Қазан, 2023
Сүт импортына тәуелділікті төмендетеді
Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен оңтүстіктегі облыстардың сүт өндірушілеріне арналған «Консалтинг және оқыту орталығы» ашылды. Жоба сүт өндіру саласындағы Қазақстан-Германия KFM бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда.