Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Герман Мелвилл жауһар роман – «Моби Дикті» қалай жазды?
Құрама Штаттардың әдебиет тарихында Герман Мелвилл шығармашылығы аса көрнекті дара құбылыстар қатарына жатады. Жазушы америкалық сөз өнері классиктерінің ортасынан ойып орын алғалы қашан. Ал оның ғажап туындысы «Моби Дик немесе Ақ Кит» әлем әдебиеті жауһарларының бірінен саналса, бұл да әбден заңды, әділетті ақиқат.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Жайдары Әбіш, жабырқау Әбіш...
«Бес күн тірлікте...» – осынау терең мағыналы тіркесті тілімізге енгізген Әбіштің өзі еді, сол бес күн тірлікте бір ізбен жүріп, бір ізбен тұратын робот болмаған соң, жан иесі орайына қарай әзіл-шыны аралас басы артық-кем сөз айтпай тұрмайды. Әбіш көңілге қарағыш елгезек, айтылған ой-пікірге сергек, ауызға берік ұстамды, біртоға сабырлы мінездің адамы болғанымен, ет жақын етенелері арасында ақжарқын, әзіл-қалжыңға ұста, қазақы қағытпаға барынша мергендігімен ерекшеленетін. Ол әсіресе жеңгелері Қабиболла үйіндегі Гүлшат, Меңдекеш үйіндегі Рузия, Есенжол үйіндегі Сәуле, Жұмекен үйіндегі Нәсіп, біздің үйдегі Алтыншашпен әзілдескенде бір сөзден бір сөзді балалатып, зілсіз әжуаны біраз бел асырып тастайтын. Әсіресе Фаризаны көргенде беті көлденеңінен жайылып, тышқан көрген мысықтай тісі қышып сала беретіні де жасырын емес. Әншейінде басынан сөз асырмайтын Фариза Әбіштің шымшымаларына мен көргенде ешқашан кейіс қабақ танытқан емес.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
«Шәкәрім» кітабы қытай тілінде шықты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы қытай тілінде жарық көрді.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Астананың Горький атындағы академиялық орыс драма театры бүгінгі күні еліміздегі белді өнер ошақтарының біріне айналған. Оны қазақ мектебін бітіріп, қазақ театрларында әртіс болып істеген Еркін Қасеновтің басқарып отырғанына да он жыл болды. Осы жылдарда қатардағы театр әлемдік ареналарға шығып, бірнеше шетелде гастрольдық сапармен болды. «Академиялық театр» атағын алып, мәртебесі де біршама көтерілді. Жуырда Ресей Федерациясының президенті В.Путиннің өзі қол қойған Алғыс хатты да алып отыр. Бірнеше өнерпаздар қазақстандық атақтар мен марапаттарға ие болды, соның ішінде Е.Қасенов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. Осы табыстардың бәрі театр басшылығына оңай келген жоқ, әрине.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Туған жері тұлғаларына құрмет көрсетті
Жүрек түкпірінде жасырынған мұң мен көңіл төрінде сақталған сырды өзгеше өрнектеп, өмірдің нақ өзіндей шынайы бейнелеу қаламгер қауымның еншісіне бұйырған дүние. Сөз құдыретін сүйегіне сіңіріп, қанына дарытқан жазушы нені болса да ұлттық тұрғыда байыптап, сөз сарасын, ой байлығын оқырманның алдына тартады. Адам, заман, қоғам дейтін күрделі құбылыстарды қаламгерлік тағдыр арқылы зерделеп, жазушылық көзқарас арқылы шығарма шырайын ашады. Өмір мен өлім арпалысы, ақ пен қараның айқасы сияқты бір-біріне кереғар ұғымдарды көркемдік көкжиегі арқылы келістіріп, көркемдеп кестелеу де шын жазушыға ғана тән.