Руханият • 10 Қазан, 2019
«Үш арыстың» шығармалары – қылқалам шеберінің көзімен
Қазақстанның барлық аймағында республикалық деңгейде аталып өтіп жатқан Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына байланысты толассыз өтіп жатқан шаралар шеруі Алматының Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылған айырықша кітаптың тұсаукесерімен толықтырылды. Бір жылы дүниеге келіп, бір жылда репрессия құрбаны болса да, қазақ әдебиетіне теңдессіз үлес қосып кеткен үш бәйтеректі еске алып, тағзым парызын орындауда Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ерекше тарту жасады. «Үш арыс» атты кітаптың тұсаукесеріне халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ақынның ұлы Саят Жансүгіров және оның өзге де ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кешті халықаралық ұйымның Алматыдағы өкілі Асқар Тұрғанбаев жүргізді.
Саясат • 10 Қазан, 2019
Елбасы «Хабар» телеарнасына сұхбат берді
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси модернизация процесі мен елдің даму болашағы туралы көкейкесті сұрақтарды қамтыды. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Қаскелеңде Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды
Алматы облысы Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды. Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Түркістан: пара ұсыну деректері әлі де кездесуде
Түркістан облысында биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша 7 қылмыстық іс тіркеліп, оның 5-уі сотқа жолданған. Қылмыстық істер бойынша бүгінгі күні сот үкімімен 3 тұлғаға қатысты айыптау жазалары қолданылған.
Президент • 10 Қазан, 2019
Президент Ақтау қаласына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасында жазды.