Аймақтар • 29 Қазан, 2018
Теміртау – Тұңғыш Президентіміздің шарболаттай шыңдалып шығуына сүбелі үлес қосқан шаһар, Елбасының еңбек Отаны деуге тұрарлық құтты мекен. Сол себептен болар, металлургтер қаласының жай-күйі, ондағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі Мемлекет басшысының ұдайы назарында жүреді. Қарағанды облысына келген әрбір сапарында Нұрсұлтан Назарбаев Теміртауға міндетті түрде соғады. Бұл – өзін еңбекпен есейткен, саяси өмірдің сахнасына жолдама берген қалаға деген ерен құрметтің белгісі болса керек.
Әлем • 29 Қазан, 2018
Алда Токио Олимпиадасына жолдама алу міндеті тұр - Әлия Юсупова
Кезінде Әлия Юсупова он жылдай ел намысын түрлі додада абыроймен қорғап, қазақ қыздарының да осынау сұлу спортта алар үлесінің бар екендігін дәлелдесе, бүгінде оның шәкірттері сол белестерді бағындыруға ұмтылып жүр. Тіпті Джакартада өткен Азия ойындарында көркем гимнастшыларымыз қос алтынды қоржынға салып, артынша Болгария астанасы Софиядағы әлем біріншілігіне қатысты. Осы аламандағы нәтиже мен қызықтырған өзге де сауалдар туралы бас бапкердің өзінен сұрадық.
Бокс • 28 Қазан, 2018
Бокс қозғалысының 85 жылдық мерейтойы аталып өтті
Астанада бокс қозғалысының 85 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы.
Қазақстан • 28 Қазан, 2018
Турнирден түскен қаражат жұртшылық алдында мұқтаждарға үлестірілді
Елорда төрінде өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен V Республикалық турнир ірі көлемдегі қайырымдылық шарасына ұласты, деп хабарлайды muftyat.kz.
Қазақстан • 28 Қазан, 2018
Қазақстандық гимнасшылар Парижде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық команда Францияда эстетикалық топтық гинастика бойынша «Louvres Cup Open 2018» халықаралық жарысында үшінші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».