Аймақтар • 11 Қазан, 2019
Қоныстанудың 80 жылдығына қойылым арнады
Қыркүйектің соңында Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының Қарағанды қаласындағы гастрольдік сапары табысты тәмамдалып, театрдың көркемдік кеңесі жылы әсерімен бөлісті.
Руханият • 11 Қазан, 2019
Абайға тағзым: Қаллеки театры жаңа маусымының шымылдығын түрді
Елорданың бас театры – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының бағзыдан бұлжымас қағидаға айналып, ертеден келе жатқан әдемі дәстүрі бар. Ол – қоңыр күзбен жараса шымылдығын түрер әр маусымын Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Абай» қойлымымен ашып, дәл сол спектакльмен жемісті шығармашылық жұмысын түйіндеу. Жаңалыққа толы кезекті ХХІХ театр маусымын ұлы ақын рухына тағзым етуден бастады.
Ең қысқа әңгіме • 11 Қазан, 2019
Руханият • 11 Қазан, 2019
Жазушы Талғат Кеңесбаев ағамызды 2009 жылы Алматыдан Өскеменге облыстық «Дидар» газетіне жұмысқа келген кезден бері білемін. Бұл уақытта «Шығыс ақпарат» медиахолдингінің директоры Нұржан Қуантайұлы болатын. Талғат ағамен сол кісіге келген, «Дидар» газетіне материалдарын әкелген сәттердің бірінде танысқан едім. Жалпы, қаламгер елордаға көшіп кеткенге дейін «Дидар» газетімен үнемі байланыс жасап, әңгімелерін, мақалаларын жариялап тұрды. Өскеменге келген сайын басылымға бір соқпай кетпейтін. Редакциядағы жігіттермен емен-жарқын әңгімелесіп, ақыл-кеңесін айтудан аянбайтын.
Қазақстан • 11 Қазан, 2019
Еліміздің өткен тарихындағы большевиктік репрессия кезеңін сарабдал ой елегінен өткізіп, ұлттың санасына түсінікті тілмен жеткізетін күндердің кезегі де келер деген үміттің көңілде жүргеніне қанша заман.