Аймақтар • 11 Қазан, 2019
«Алтын алма» шаттық пен қуаныштың белгісіндей, Алматыда өткен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінде әр ұлттың қолынан шыққан бұйымдары келушілердің көңілінен шықты.
Қоғам • 11 Қазан, 2019
Белгілі де белгісіз Мәмбеев. Суретшінің өзі бір кездері бастан кешкен арайлы сәттерінің елесі, бәлки сол сәттердің өзі болар мәңгілік ғұмырын әлі де сүріп келе жатқандай. Ұлттық музейде Сабыр Әдірасулұлының шығармашылығына арналған көрме көрерменнің ақыл-ойы мен жанын билеп алып, түстік қатардың діттеген ғажайып тұтастығына самғатты. Жаны нәзік колористің әлеммен үнқатысқандағы көңіл күйі мен сезімі, дүниетанымы мен толқынысының түгел сайрап жатқанына куә болдық.
Аймақтар • 11 Қазан, 2019
Торғайдың арғы-бергі тарихы талайды тамсандырған, енді әлемді таңғалдырып та отыр. Торғай даласының тектілігі тамырын тереңнен тартады. Осы құнардан Ахмет пен Міржақып тамыр алып, көктеді. Ахметтің шапағынан шабыттанған ақындар легі Торғайда бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Соның бел ортасынан биыл туғанына 90 жыл толған Назарбек Бектемісов орын алар еді.
Ең қысқа әңгіме • 11 Қазан, 2019
Руханият • 11 Қазан, 2019
Қарсыластардың емес, қазылардың соққысы ауыр тиді
Осыдан дәл 35 жыл бұрын ел спортында елеулі бір оқиға болды. Атап айтсақ, 1984 жылы Өзбекстанның бас шаһарында өткен КСРО чемпионатында қазақтың төрт боксшысы қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, жарыстың бас жүлдесін олжалады. Олар – Кәрімжан Әбдірахманов (48 кило), Серік Нұрқазов (57 кило), Серік Қонақбаев (67 кило) және Асылбек Қилымов (75 кило). Егер спорттық шежіренің сарғайған беттерін парақтасақ, Қазақстанның боксшылары бұрын-соңды осындай орасан зор табысқа қол жеткізе алған жоқ. Ал Ташкент төрінде төрт бірдей қандасымыздың жеңіс тұғырының ең биік сатысында марқайып тұруы мерейімізді өсірді. Міне, сол жұлдызды команданың сапында жасындай жарқыраған Кәрімжан ӘБДІРАХМАНОВПЕН жуырда жүздесудің сәті түсті.